20 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
20 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

Вице-премьер Екібастұздағы апатты «арзан тарифпен» байланыстырды

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұз жылу электр орталығындағы апатты «белгілі бір уақытта әлеуметтік бағытта жасалған тариф саясатымен байланыстырды. Мұны сейсенбіде үкімет отырысынан кейін журналистермен сөйлескенде айтты.

 

— Өткен жылы тариф есебінен Екібастұздың 420 шақырым құбыр желісінің 619 метрі ғана жөнделді. Бұл небәрі 0,01 пайыз ғана. Әрине, мұндай тариф саясаты ерте ме, кеш пе осыған әкелер еді,- дейді Жұманғарин

Вице-премьер жылу электр орталығын ұстап тұру қымбатқа түсетінін, оны жаңадан салғаннан гөрі қазіргісін жөндеп ұстаған оңай екенін айтты.

«Ұзақ мерзімге арналған тариф жасау керек. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитет осындай ұстаным да отыр» деді ол.

Ол тарифті белгілеп қана қоймай, оның орындалуын және инфрақұрылымға қанша сома салынатынын бақылау керек деп санайды.

Апат болған кезде-ақ шенеуніктер оны «арзан тарифтен» көрген.

Қарашаның 27-сіне қараған түні 150 мың халқы бар Екібастұз қаласының жылу электр орталығы 30 градус суықта апатқа ұшыраған. Екібастұзда төтенше жағдай жарияланып, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметіне босатылған.

Екібастұздағы апаттан кейін жекеменшікке берілген жылу желісін басқару ісіне күмән пайда болған. Билік «станция қызметкерлерінің қателігінен құбыр желісіндегі қысым күрт күшейіп, апатқа ұрындырды» деп мәлімдеген.

Жексенбінің кешінде Екібастұз қаласының әкімдігі көп қабатты 11 үйге әлі де жылу жетей тұрғанын хабарлаған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар