4 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент
4 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент

Инга Иманбай жазаланды

Опплзициялық белсенді, тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай әкімшілік жазаға тартылды. Оған 1-ші сәуір күні  «Халық парламенті» жиынына қатысқаны үшін айыппұл салынды.

“1 сәуір күні “Халық парламенті” жиынына қатыстыңыз дейді. «Бұл заңсыз ұйым, сол үшін айыппұл саламыз» деп хаттама толтырып әкелді. Сонда «Жаңа Қазақстан» деген осы ма? Митингке шықса, заңсыз шеруге бардың деп соттайды. Жабық кабинетте жиын өткізсе, тіркелмеген ұйымның отырысы деп айыппұл тағады. Бұлар тіпті назарбаевтық кезеңнен де асып түсейін деп тұр ма? Бұрын митингке шыққандарды соттайтын, қазір тіпті жабық жерде жиналыс өткізгені үшін де жазалайтын болған ба мыналар? Ал енді мынадай сұрақ. Мысалы, азаматтар қандай да ұйымды тіркегісі келеді делік. Алдымен оның үйлестіру жиынын өткізу керек, артынан қол жинап, құжаттарын дайындайды. Оның барлығы жиналыста шешіледі. Олай болса, бұл билік құрылмаған ұйымның жиынын өткіздің деп, айыппұл арқалата ма? Адамның ақылына сыймайтын дүние ғой!”, – деп жазды Иманбай Facebook парақшасында.

Инга бұл жазаға келіспейтінін, сот арқылы өзінің кінәсіздігін дәлелдейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, бұдан бұрын журналист өзіне бұрынғы шенеуніктердің туған-туыстары жүгініп, халықаралық ұйымдарға қалай шығуға болатынын сұрап жатқанын

Сондай-ақ, Инга Иманбай жуырда Жанболат Мамайға қатысты жақында БҰҰ жұмыс тобы жариялаған мәлімдемені орындату үшін Бас прокуратураға арыз түсіргелі отырғанын айтты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар