Алматыда тағы бір сарбаз атылып өлді

Алматыдағы 3650 әскери бөлімінде сарбаз өзін-өзі атты. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 22 тамызда сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы (2001 жылы туылған) өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, қайтыс болды. Қайғылы оқиға Алматы қаласындағы 3650 әскери бөлімде болды.
Құқық қорғау органдары қажетті тергеу жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.

Кеше ғана Қорғаныс министрлігі сарбаздардың қазасына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.