-1 C
Нур-Султан
1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент
-1 C
Нур-Султан
1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент

ОППОЗИЦИОНЕР МАМАЙ ӘЛІ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚПАЙДЫ

Сот оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың қамау мерзімін тағы бір айға созды. Бұл туралы cаясаткердің жұбайы Инга Иманбай Facebook желісіне жариялады.

«Жанболаттың қамақ мерзімін тағы бір айға, 12 қыркүйекке дейін созды. Судья мен прокурордың жалғыз аргументі: Жанболат бостандықта жүрсе, ақпарат тарату арқылы тергеуге кедергі келтіреді екен-мыс»,-деп жазды cаясаткердің жұбайы.

Айта кетсек, Жанболат Мамай Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктерге және жалған ақпарат таратуға байланысты екі қылмыстық іс бойынша тергеуге алынған еді. Ол «Алматы плаза» маңындағы митингті ұйымдастырған. Бастапқыда қорғаныс құқығына ие оқиға куәгері мәртебесінде болып, бірақ кейінірек күдікті деп танылды.

Наурызда қамауға алынған Жанболат Мамай Қылмыстық кодекстің 378-бабы, 2-бөлігі («Билік өкілін қорлау») және 274-бабының 2-бөлігі («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша айыпталып отыр.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар