11 C
Нур-Султан
7 C
Алматы
11.3 C
Шымкент
11 C
Нур-Султан
7 C
Алматы
11.3 C
Шымкент

Шымкентте мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жалпы білім беретін мектептердің бірінің өкілінің арызы негізінде Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен С. есімді азаматты ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзінің медиялық мәртебесін пайдаланып, беделге нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп қорқытып, оны жарияламау үшін 1,2 миллион теңге талап еткен», – делінген дүйсенбіде таратылған хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция ескертеді: қандай да бір қысым көрсету, бопсалау, қорқытып ақша талап ету – ол адамның мәртебесіне немесе пайдаланған платформасына қарамастан – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекет. Азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз», – деді құқық қорғау органдары.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар