10 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
22.3 C
Шымкент
10 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
22.3 C
Шымкент

«Астана Банктің» экс-иегеріне үкім шықты

22 сәуірде Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты банк директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және негізгі акционері Олжас Тоқтаровқа айыптау үкімін шығарды.

Бұл туралы бүгін, 30 сәуірде, Астанада өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров хабарлады.

Тоқтаров агенттік қызметтер деген желеумен қаржы жымқыру және банкрот болар алдындағы кезеңде Алматыдағы бизнес-орталықты бақылауындағы құрылымға заңсыз беру бойынша кінәлі деп танылды.

Ол сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 14 миллиард теңгеден астам сомаға мүлкі тәркіленді — олардың ішінде тұрғын үйлер, әкімшілік және өндірістік нысандар, жер телімдері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар бар.

Сондай-ақ, банк қызметкерлерінің біразы да кінәлі деп танылды. Алайда, олар тергеу мен сотпен ынтымақтаса жұмыс істегендіктен, оларға бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар