Шымкенттегі А.Байтұрсынов көшесі 12/2 мекен-жайында орналасқан жатақхананың орналасуы сәулет құрылыс талаптарына сай емес.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тарапынан жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде ғимарат сол маңдағы көпқабатты тұрғын үйге тым жақын салынғаны анықталған.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тұрғынның арызы негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде тапсырыс беруші, автор қадағалаушы, тех.қадағалаушы және мердігерге ҚР ӘҚБтК- не сәйкес шара көрілді.
Нысанның жоспарлау құжаты мен эскиздік жобасы министрліктің нұсқамасына сәйкес күшін жойған.