19 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
21.3 C
Шымкент
19 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
21.3 C
Шымкент

Карим Мәсімовтің зәулім сарайының бағасы 300 миллион теңгеге төмендеді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, сотталған Карим Мәсімовке тиесілі үй тағы да аукционға шығарылды.

Бұл — аталған резиденцияны сатудың үшінші талпынысы. Алайда алдыңғы екі ретпен салыстырғанда, бұл жолы баға едәуір төмендетілген — 1 миллиард 600 миллион 838,1 мың теңге.

Бұған дейін үйдің бағасы 1 миллиард 883 миллион 338,9 мың теңге болған.

Әңгіме елорданың Нұра ауданындағы зәулім сарай туралы. Ғимараттың жалпы ауданы — шамамен 2,8 мың шаршы метр. Үймен бірге 1,2 гектар жер, жиһаздар, үй ішінің сәндік бұйымдары мен коллекциялық заттар да сатылуда.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар