4 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
14.3 C
Шымкент
4 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
14.3 C
Шымкент

Тоқаев легионерлерді қаржыландыруға тыйым салатын заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дене шынықтыру және спорт мәселелерін реттейтін заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері, сондай-ақ артық заңнамалық реттеуді алып тастау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл заң дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған», — делінген хабарламада.

Енді уәкілетті орган республикалық және өңірлік деңгейдегі басым спорт түрлерінің тізімін бекітетін болады, сондай-ақ олардың қаржыландырылу тәртібін белгілейді. Бұл тізімге олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, азиялық және ұлттық спорт түрлері енеді.

Ұлттық және жергілікті спорт федерациялары енгізіледі. Бұдан былай шетелдік легионерлерді бюджет пен квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

Сонымен қатар, бюджеттен қаржылай қолдаудың төрт негізгі бағыты бекітілді:

Жоғары жетістіктер спорты,

Бұқаралық спорт,

Спорт ұйымдарын қамтамасыз ету,

Инфрақұрылымды дамыту.

Спортшыларды даярлауда ұлттық стандарттар енгізіледі, мұнда дәстүрлі құндылықтар мен патриотизмге ерекше назар аударылады. Бұдан бөлек, уәкілетті органға антидопингтік ережелерді бұзғандарға шара қолдану құқығы беріледі.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар