Астана мәслихатының депутаттары қоқыс жинау және шығару бойынша жаңа тарифті бекітті. Енді көпқабатты үйлердегі әр тұрғын үшін тариф 390 теңгеден 637 теңгеге дейін қымбаттайды.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Дәулет Доскұловтың айтуынша, елордадағы тариф 2019 жылдан бері өзгермеген, ал бұл уақыт ішінде бағалар 100%-дан астам өскен.
Ол мысал ретінде Алматыны келтіріп, онда тұрғындар 718 теңге төлейтінін айтты. Басқа қалаларда бұл тариф 400-500 теңге аралығында.
Доскұлов өткен жазда қатты тұрмыстық қалдықтардың уақтылы шығарылмауынан әлеуметтік шиеленіс туындағанын еске салды. Бұған халық санының көбеюі, қоқыс көлемінің артуы және қызмет көрсету шығындарының өсуі себеп болған.
«Ұсынылған тариф – абаттандырылған сектордағы әр тұрғын үшін 637 теңге, абаттандырылмаған сектор үшін 679 теңге. Тек елордада ғана қолданыстағы тарифтер аясында 25%-дан 100%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жаңа редакция бойынша мүгедек балалары бар отбасылар мен көпбалалы отбасыларға да жеңілдіктер енгізу ұсынылып отыр», – деді ол.
Қазіргі уақытта қаладағы қоқыс шығару қызметін үш компания атқарады:
Алматы-Сарайшык ауданында – Zero Waste,
Есіл-Нұра ауданында – «Тазажыр-Капитал».
Доскұловтың айтуынша, міндеттерін орындау үшін компаниялар 4,1 млрд теңгеге 100 жаңа қоқыс тасымалдаушы көлік, 1 млрд теңгеге 15 мың жаңа контейнер сатып алған.
Сонымен қатар, мусоровоздардың бағытын, контейнерлердің жағдайын және олардың толымдылығын онлайн бақылауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама енгізілді. Қазір бұл салада 1000-ға жуық адам жұмыс істейді.
Астана мәслихаты депутаттары ұсынылған жаңа тарифті мақұлдады.