-3 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
13.3 C
Шымкент
-3 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
13.3 C
Шымкент

Қазақстанда 120 миллиард теңге қарыз кешірілді

Қазақстанда 22 600 адам ресми түрде банкрот деп танылды, олардың жалпы берешегі 120 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов мәлімдеді.

Жалпы 200 мыңнан астам өтініш берілгенімен, 145 мың азаматтың қарызы кешірілмеді. Банкроттық туралы өтініштердің ең көп саны Алматы облысында тіркелген – 23 мыңнан астам. Ал ең аз өтініш Ұлытау облысынан түскен – шамамен екі мың.

Банкрот деп танылғандардың орташа жасы – 44 жас. Ең егде жастағы банкрот – 1943 жылы туған Шымкент тұрғыны, оның берешегі 370 мың теңге. Ал ең жас банкрот – Астананың 19 жастағы тұрғыны, оның қарызы 856 мың теңге.

Ең көп қарыз көлемі бойынша рекорд Астана тұрғынына тиесілі – ол 2,1 миллиард теңге қарыздан құтылған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар