Алматының индустриалды аймағында автомобиль орындықтарын шығаратын зауыт іске қосылды.
Hyundai, Great Wall Motors және Chery брендтері үшін жылына 100 000 жиынтық орындық өндіретін кәсіпорын импортқа тәуелділікті азайтады деп күтілуде.
Жалпы аумағы 4 850 м², инвестиция көлемі 4 млрд теңге болатын зауытта 65 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жаңа өндіріс автомобиль кластерін дамытуға, сондай-ақ машина жасау саласында білікті мамандарды даярлауға ықпал етпек.