-7 C
Нур-Султан
4 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
-7 C
Нур-Султан
4 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

«Сергек» жүйесі енді арабтардың басқаруында болады

Астана мәслихатының депутаттары қаладағы бейнебақылау камералары жүйесін БАӘ-ге беру туралы шешімді растады.

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлеймановтың айтуынша, енді «Сергек» жүйесін арабтық Presight компаниясы басқаратын болады.

«Тоқаевтың тапсырмасы бойынша (қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту аясында) біз G42 холдингіне кіретін Presight халықаралық компаниясын тарттық. Олар жасанды интеллект негізінде басқару шешімдерін енгізеді», – деді ол мәслихат отырысында.

Жаңа жобада жүйенің барлық кемшіліктері ескерілген. Камералар тұрақты электр қуатына қосылады, ал жабдықтың басым бөлігі оптикалық-талшықты желіге қосылып, бейнеағын үздіксіз бақыланады.

«Қолданыстағы инфрақұрылым жаңа жеке серіктеске басқаруға беріледі. Бұл жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді», – деп қосты шенеунік.

«Сергек» жүйесін араб инвесторларына беру мәселесі өткен жылдың шілдесінен бері талқыланып келген.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар