Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс туралы пікір білдірді.
«Біз «алуан түрліліктегі бірлік» идеологиясын ұстанамыз. Біз әртүрлі ұлттар мен діндерге жататын болсақ та, бір қоғам, бір халықпыз. Осы терең процесті түсінуге шақырамын. Тек осы негізде ғана біз табысқа жете аламыз.
Қазір Украина туралы көп айтылып жатыр. Біз басынан бастап соғысты тоқтатуды, дипломатиялық келіссөздер арқылы өзара түсіністік пен келісімге келуді қолдадық.
Біздің ұстанымымыз шындыққа айналуда, екі ірі держава саяси диалогты бастады. Бұл оң үрдіс, ол Қазақстанға да пайда әкеледі. Сондықтан біз бұл үрдісті мүмкіндігінше қолдайтын боламыз», – деді мемлекет басшысы бейсенбі күні «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде.