-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
10.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
10.3 C
Шымкент

Beeline үй интернетінің бағасын жасанды түрде көтерген

Үй интернеті қызметтері нарығында «монополиялық жағдайды асыра пайдалану» белгілерін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің астаналық департаменті анықтаған.

Белгілі болғандай, «КаР-Тел» компаниясы абоненттерге «жоғары жылдамдықтағы» тарифтерді ұсынған, алайда техникалық тұрғыдан тек 100 Мбит/с жылдамдық қана қолжетімді болған.

«Beeline-ның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 300 Мбит/с дейінгі интернет жылдамдығы тек GPON технологиясы бар үйлерде қолжетімді. Ал басқа үйлерде максималды жылдамдық 100 Мбит/с болуы тиіс, бірақ тарифтік жоспарлардың бағасы барлық абоненттер үшін өзгеріссіз қалған», – делінген ведомство хабарламасында.

Өткен жылдың қараша айында департамент бұзушылықтарды жою туралы ескерту жасаған. Компания абоненттерге келесі тарифтік жоспарларды таңдау құқығын беруі керек болған:

▪️ егер жоғары жылдамдықты интернет қажет болмаса, жылдамдығы 100 Мбит/с аспайтын тариф;

▪️ 100 Мбит/с жылдамдықпен тек интернетке қосылу қызметі, басқа ақылы қызметтерсіз.

Қазіргі уақытта компания бұл ескертуді толық орындады.

2025 жылғы 15 қаңтардан бастап 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы тарифтік пакеттер 500 теңгеге арзан қолжетімді болды.

Бұған дейін цифрлық даму вице-министрі ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауы туралы «министр ретінде емес, жай адам ретінде» пікір білдірген болатын.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар