-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Қазақстандық Мәскеу маңында байланыс мұнараларын өртеген

Ресейде байланыс мұнараларын өртеу ісі бойынша 44 жастағы Виталий Бойко ұсталды. Ол өзін Украина арнайы қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырған адамдардың тапсырмасы бойынша әрекет еткен.

Mash арнасының хабарлауынша, Бойко Ресейде тіркеусіз және ресми жұмыссыз өмір сүрген. Қаражат табу мақсатында Telegram арқылы келген ұсынысқа жауап берген. Белгісіз адамдар оған әр өртенген мобильді байланыс мұнарасы үшін 200 мың теңгеден астам ақша уәде еткен.

Ер адам Щёлково және Лосино-Петровск қалаларында төрт мұнараны өртеп, 20 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Алайда байып кету арманы орындалмады — Бойконы тез арада ұстады. Енді ол «қоғамға қауіпті әдіспен мүлікті қасақана жою» бойынша айыпталып отыр.

Оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Сондай-ақ Бойконың Қазақстанда бұрын адам өлтіргені үшін сотталғаны атап өтілген.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар