-3 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент
-3 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент

Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ ЖСН ала алады

Бұл қызмет Қазақстан консулдықтары, өкілдіктері және ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Тиісті заң жобасын ҚР Сыртқы істер министрлігі ұсынған. Пилоттық жобаның мақсаты – шетел азаматтарына ЖСН алуға өтініш беру және оны рәсімдеу процесін жеңілдету.

Осы әдіспен ЖСН тек белгілі бір санаттағы ҚР резиденті емес адамдар ала алады. Олардың қатарына:

▪️ әлеуетті инвесторлар;
▪️ тауарлар мен дәрі-дәрмектер экспорттаушылары;
▪️ ҚР азаматтарының жұбайы болып табылатын шетел азаматтары (АХАТ органдарында азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгі қою мақсатында);
▪️ ҚР азаматы болып табылатын ата-анасының бірі шетелдік бала (16 жасқа дейін);
▪️ мұрагерлік қабылдайтын шетел азаматтары;
▪️ Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары;
▪️ мүгедектігі бар шетел азаматтары;
▪️ 65 жастан асқан шетел азаматтары.

Сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері де ЖСН-ді СІМ арқылы ала алады.

ЖСН алу үшін шетелдік азамат Қазақстанның шетелдегі мекемесіне немесе Сыртқы істер министрлігіне жеке өзі жүгініп, қажетті құжаттар тізімін ұсынуы тиіс.

Қызмет көрсету мерзімі – шетелдік азамат Қазақстанның шетелдегі мекемесіне жүгінген күнді қоспағанда, бір жұмыс күні.

Заң жобасы «Ашық НҚА» порталында көпшілік талқылауға жарияланған. Қабылданған жағдайда пилоттық жоба 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді. Қазіргі уақытта көпшілік талқылау 6 ақпанға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беруді уақытша тоқтатты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар