Көктемдегі су тасқыны кезінде «Біз біргеміз» ҚҚ халықтан жиналған ақшаны жеке басына жаратты, жымқырды деп күдікке ілініп, үстінен қылмыстық іс қозғалған Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева да ақша жымқыру ісінде қызына белсене көмектескен делініп, күдікті болып танылды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм каналында жазды.
Бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілініп, ұсталғанын хабарлаған еді.