-9 C
Нур-Султан
-9.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-9.1 C
Алматы
-2.7 C
Шымкент

«Қазақмыс» жұмысшылары ереуілге шықты

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қарасты кеншілер ереуілге шықты. Ереуілге шыққан кеншілер жалақыны көтеруді, жұмысшылардың әлеуметтік пакетін нақтылауды және кеншілердің жұмыс өтіліне қарай сыйақы беруді талап етуде.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшысы жалақыны 100% көтермейтінін, 2025 жылдан бастап, жалақыға жыл сайынға 8,5% индексация қарастырылғанын айтқан.

Компания басшыларымен кездесуде жұмыскерлердің талабы талқыланды. Жиын қорытындысында «13-ші жалақыға» 30 пайыз мөлшерінде үстемеақы қосу туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.

Жалақыға келетін болсақ, жұмыс беруші 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастапжалақыны көтерудің екі нұсқасын ұсынды:

1-нұсқа: жалақы мөлшерін қосымша 8,5%-ға ұлғайту, өндірістік жоспарды орындағаны үшін қосымша 50 АЕК мөлшерінде төрт тоқсандық сыйлықақы (2025 жылы – тоқсан сайын 196 мың теңге);

2-нұсқа: Жалақыны 15,6%-ға индекстеу.

2024 жыл 19 желтоқсан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, келіссөз жалғасуда.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар