1 мамыр күні кешке Ресей әскері Запорожье қаласына кем дегенде 10 соққы жасаған. Қалада өрт шыққан. Облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Иван Федоровтың мәліметінше, шабуыл салдарынан 61 жастағы ер адам қаза тапқан.
Оның айтуынша, сегіз адам жарақат алған, тағы бір адам үйінді астында қалып отыр.
«Ресейліктер жеке үйлерге, көпқабатты ғимараттарға, білім беру мекемелеріне және инфрақұрылым нысандарына соққы жасады», — деп жазды Федоров.