Қыстың аязында Петропавлдағы жылу беретін 2-ЖЭО-да ақау шықты. «СевКазЭнерго» мекемесі аталған жайтқа қатысты түсінік берді.
«15 қаңтарда сағат 6:32-де Петропавл 2-ЖЭО-да деаэратор аймағында қоректік су жүйесіне локалды зақым келді, станцияның негізгі жабдықтарын өшіруге себеп болған, штаттық режимде автоматика іске қосылды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ мамандар жедел зақымдануды оқшаулады және қазіргі уақытта жүйені қалпына келтірумен айналасып жатқаны айтылды.
«Жеке қажеттіліктер мен жылу тасығыштың айналымы, демек, тұтастай алғанда қаланы жылумен жабдықтау зардап шеккен жоқ, бірақ жылу тасығыштың параметрлерінің қысқа мерзімді шамалы ауытқулары болуы мүмкін», — делінген хабарламада.
Мамандар станцияның жұмыс режимі сағат 17:00-ге дейін қалпына келтіреміз деп отыр.