12 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
12 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

«Ақтөбе» футбол клубында қаржы жымқыру фактісі анықталды

Облыс прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ақтөбе футбол клубы қызметі тексергендерін мәлімдеді.

Тексеріс барысында 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасау.

Сондай-ақ, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерімен жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

«Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — делінген хабарламада.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар