11 C
Нур-Султан
9 C
Алматы
13.3 C
Шымкент
11 C
Нур-Султан
9 C
Алматы
13.3 C
Шымкент

Қырғызстанда «Орыс үйі» қызметкері азаматтарды соғысқа тартумен айналысқан

Қырғызстанда Украинадағы соғысқа тарту ісі аясында “Орыс үйінің” қызметкері Наталья Секерина ұсталды. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметі жазды.

Бұған дейін бұл іс бойынша Ош әкімшілігінің қызметкері де ұсталған деп хабарлады Қырғызстан ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК).

Бішкектің Бірінші май аудандық сотының мәліметінше, С.Н.В есімді азаматқа қатысты бұлтартпас шарасын таңдау соты 19 сәуірде өткен. Сот оны 19 маусымға дейін қамау туралы шешім шығарған. Оған 416-баптың 1-бөлігі бойынша (Жалдамалыны соғысқа тарту) айып тағылған.

Наталья Секеринаның Facebook-тағы парақшаларында 2024 жылы түсірілген бірнеше материал мен видео жарияланған. Ол сол кезде «Орыс үйінің» Оштағы бөлімшесінде істеген.

Наталья Секеринаның күйеуі түсініктеме беруден бас тартты. Ол өзінің заңгерімен кеңескеннен кейін жауап беретінін жеткізген, бірақ сол күйі журналистерге шықпады.

ҰҚМК да тергеу мен ұстаудың жай-жапсарын хабарламады.

Секерина мен Лапушкиннен бөлек тағы екі адам күдікті ретінде ұсталған. Бірінші май аудандық соты оларды да 17 маусымға дейін қамады. Бірақ аты-жөндері белгісіз.

Бұған дейін Ресей әскері қатарында соғысқан үш қырғыз азаматының ісі қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Солардың бірі, Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін сотталған Асқар Кубанычбекұлы Қырғызстанда жеті жылға сотталып, ізінше пробациялық бақылаумен босап шығып, Ресейге қайта кеткен. Сол жақта Ресей қорғаныс министрлігімен қайта келісімшартқа отырған деп айтылады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар