24 C
Нур-Султан
30 C
Алматы
34.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
30 C
Алматы
34.3 C
Шымкент

Шерзаттың өлімі: Басты куәгердің жауаптарынан қайшылықтар табылды

Сотта куәгер Эльмира Нұрбекованың тергеу кезіндегі жауабының бейнетаспасы көрсетілді. Видеода ол айыпталушы Шынасыл Абзалдың Шерзат Полаттың үстіне отырып, оған жоғарыдан төмен қарай пышақпен соққы жасағанын айтады. Прокурор Нұрбекованың сотта мүлде басқа жауап бергеніне назар аударды.

Сондай-ақ сотта Нұрбекова мен Қаржаубай Нұрымовтың беттесуінің жазбасы тыңдалды. Нұрбекова Шерзаттың әкесінің қолында мылтық болғанын және ол дүкенде қарумен қорқытқанын мәлімдеді. Алайда бұған дейін ол қаруды бейтаныс сақалды ер адамның ұстағанын айтқан еді.

Сонымен қатар оның жедел жәрдем шақыруға тырысуына қатысты да қайшылықтар анықталды. Бұрын Нұрбекова байланыс болмағандықтан қоңырау шала алмағанын айтқан. Ал соңғы отырыста оның қолында мүлде телефон болмағанын мәлімдеді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар