8 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
8 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

«Ауған соғысында контузия алғанмын» – әуежайда кепілге адам алған зейнеткер

Сотта айыпталушы Машрапбек Баратов бұл қылмысты алдын ала жоспарламағанын айтты: ол әуежайға кездейсоқ тап болғанын және қатты күйзеліс жағдайында жүргенін жеткізді.

Оның айтуынша, рюкзакта расында да ескі ас үй пышағы болған – ол онымен бұрын консерві ашқан. Ал бомба туралы сөздерді қорқыныштан айттым деп түсіндірді. Сонымен қатар, өзінің үш айдан бері жалақы алмаған күзетші болып жұмыс істейтінін айтты. Бұл жағдай қылмысқа итермелеген.

«Мен күзетте істеймін, үш ай болды — жалақы жоқ. 8 наурызға қарай бірдеңе алайын деп едім. Сейфуллин көшесіне шықтым. Бірінші автобусқа отырдым. Үйге жетем деп ойладым… OLX-қа кіріп, жұмыс іздедім. Қалай әуежайға келгенімді байқамай қалыппын. Отбасылық мәселелерім де бар. Іштей жүйкем тозып жүрді… Бірақ әйеліме де, қызым мен ұлыма да үш айдан бері ақша жағынан қиналып жүргенімді айта алмадым».

Әуежайға келген соң, ол терминал қызметкеріне жақындаған. Ал кепілге алған сәттен бастап бәрі бақылаудан шыққан. Баратов сотта мылтықпен ату ниеті де туғанын мойындады.

«Менде әуежайға кіру ойымда да болмады. Түске дейін уақыт бар еді — әуежайды аралап көрейін дедім… Пышақты шығару себебім — полиция келіп, мені ұстайды немесе атып тастауы мүмкін деп ойладым. Бәрі кенеттен болды. Полицейлер өздері де әрекет етпей қойды. Мен олар міндетін атқарады деп ойладым. Фильмдерден көрдім: полицейлер кепілді құтқаруы керек. Бірақ олар қорқып қалды. Маған ол қыз да обал болды. Біреу келіп, жағдайды шешсін деп ойладым».

Сондай-ақ, ол Ауғанстанда соғыс кезінде контузия алғанын айтты:

«Көктем мезгілінде менің жағдайым ушығып кетеді… Бас сүйегімде екі сыну, контузия бар. Осы көктемде де қиын болды: жалақы жоқ. Бәрі қосылып әсер етті. Контузияны 1981 жылы Ауғанстанда алдым. Мен партия мүшесі болдым, өз еркіммен бардым… Көпірді күзетіңдер деді. Мен борышымды өтеуге бардым».

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар