-7 C
Нур-Султан
4 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
-7 C
Нур-Султан
4 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

Глеб Ивченко мен ұлттық құрама Азиада ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алды

2025 жылғы 9 ақпанда Қазақстанның шорт-трек құрамасы Азиада ойындарында алғашқы алтын медалін жеңіп алып, ел спорты тарихына өз есімін жазды. Харбинде өткен жарыстарда 5000 метрлік эстафетада ұлттық команда жоғары дайындық деңгейін, тактикалық шеберлікті және командалық рухты көрсетті.

Қостанай облысының мақтанышы
Бұл тарихи жетістіктің маңызды қатысушыларының бірі – Глеб Ивченко, Қостанай облысының шорт-трек мектебінің түлегі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рудный қаласының тумасы. Жас әрі дарынды спортшы ұлттық құрама сапында тамаша нәтиже көрсетіп, Қазақстанның Азиядағы ең мықты құрамалармен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатынын дәлелдеді.
Глебтің жетістіктеріне оның жаттықтырушысы Николай Николаевич Федоренконың қосқан үлесі зор. Дәл осы бапкердің басшылығымен ол жоғары нәтижелерге жетіп, спорттық шеберлігін шыңдап келеді.

Өңірде қысқы спортты дамыту
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзінің Instagram парақшасында Глеб Ивченко мен Қазақстан құрамасын тарихи жеңісімен құттықтап, өңірде қысқы спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Қазіргі уақытта облыста 3 мұз сарайы, коньки тебу стадионы, 36 шаңғы базасы және 77 хоккей корты жұмыс істейді. Алдағы жылдары ауылдық жерлерде жабық хоккей корттарын салу және барлық аудан орталықтарын заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қазақстан жаңа белестерге ұмтылады
2025 жылғы Азиада ойындарында Қостанай облысынан 10 спортшы ел намысын қорғап, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп жатыр. Глеб Ивченконың жеңісі – бұл тек жеке жетістік емес, сонымен қатар бүкіл команда, жаттықтырушылар штабы мен еліміздегі спортшыларды даярлау жүйесінің жеңісі.

Бұл триумф – Қазақстан спортының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір дәлелдейді. Біз спортшыларымызбен мақтанамыз және олардың алда жаңа жеңістерге жететініне сенімдіміз!

Фото: Сали Сабиров

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар