Дональд Трамп әкімшілігі бұл жоспарды Германиядағы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында (14–16 ақпан) жариялайды, деп хабарлады Bloomberg.
Жоспарды Украина жөніндегі арнайы өкіл Кит Келлог таныстырады деп күтілуде. Оның мазмұны Трамп әкімшілігінің «Күш арқылы бейбітшілік» идеясын қамтиды.
Жоспарға сәйкес, қақтығыс тоқтатылып, Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері берілуі мүмкін — яғни, Ресейдің қайта шабуыл жасауына жол берілмейді.
Украина Жоғарғы Радасының депутаты Алексей Гончаренконың айтуынша, Келлог конференциядан кейін Украинаға барады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ол Мюнхен қауіпсіздік конференциясынан кейін бірден Украинаға келуі тиіс», — деді Гончаренко.
Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп осы аптада Украинаға әскери техника беру мәселесін сирек жер металдарына айырбастау нұсқасымен ұсынды.