-12 C
Нур-Султан
-9.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-9.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент

Фостер депутаттардың Air Astana компаниясын сынағандарына күлді…

Мәжілісте елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тақырыбында үкімет сағаты өтті. Жиын барысында бірнеше депутат Air astana әуе компаниясының жұмысын сынға алды. Соның ішінде депутат Бақытжан Базарбек Air astana әуе компаниясы Ирландияда тіркелгенін ол Қазақстан әуе компаниясы емес екенін дәлелмен айтты. Депутаттың сөзінше, 2012 жылы Қазақстан үкіметі Air astana әуе компаниясының Ирландияда тіркелуі туралы құжатты ратификациялаған. Ал Қазақстан үкіметі Air astana әуе компаниясы миллиардтаған теңге субсидия бөледі, ел азаматтары бұл компанияның қымбат қызметін пайдалануға мәжбүр. Алайда, мәжілістегі үкімет сағатына қатысқан Air astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер (суретте) депутаттардың сынына миығын күліп қана отырды. Оның мұндай әрекетіне шыдамаған депутат Еділ Жаңырбшин: «Күлмеңіз, біз сізге Африкадағы аборигендер емеспіз, түк ұқпайтын», — деп ашуға булықты. Бірақ Фостерге ол да әсер етпеді, сол қалпы миығын жымиып отыра берді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар