-0 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
3.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
3.3 C
Шымкент

Ақтөбе көшеде қан-жоса болып жүрген адам жұртты шошытты

Ақтөбе қаласында адамдар арасында төбелес болып, көшеде қан-жоса болып жүрген ер азаматтар жұртты қорқытты. Қазіргі кезде оқиғаға қатысы бар күдіктілердің бәрі анықталып, ұсталды деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға Ақтөбе қаласындағы 8 шағын ауданда болған.  Видеодан бірнеше адамның қан-жоса болып жүргенін көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТОБЕ ОПГ / OPG AKTOBE (@opg_aktobe)

Сонымен бірге бірнеше полиция қызметкері мен жедел жәрдем бригадасының өкілі бар. Алғашында көпке бағынбай, қарсыласып жүрген адамның пышақ жарақатын алған болуы мүмкін екені, тіпті бірнеше адамды жаралағаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

— Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін дереу полиция жасағы жіберіліп, заңсыз әрекеттер тоқтатылды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. «Денсаулыққа зиян келтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар