9 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
10.3 C
Шымкент
9 C
Нур-Султан
5 C
Алматы
10.3 C
Шымкент

Ресей Украинаны атқылаған ракеталарды Каспийден жіберген

Ресей әскері 8 шілде таңертең Украина қалаларын жаппай ракетамен атқылады. Шабуылдан елде кемі 27 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Польша премьері Дональд Тускпен бірге баспасөз мәслихатында айтты. Ел астанасы Киевте кемі 17 адам, Кривой Рог қаласында кемі он адам қаза тапқаны хабарланды. Ракета сынықтары Киевтің бірнеше ауданына, қала ортасына түсіп, бірнеше ғимаратта өрт шыққан. Ракета шабуылынан Киевтегі «Охматдет» балалар ауруханасының бір бөлігі бұзылған. Ауруханада зардап шеккендер бар, олардың нешеуі бала екені белгісіз. Үйінді астында адамдар болуы мүмкін. Желіде жарияланған фото, видеолардан балалар ауруханасының қатты қирағаны көрінеді. Науқас балалар мен олардың ата-аналары сыртта отырғаны байқалады. Киев билігі қаза тапқандардан бөлек, кемі 37 адам жараланғаны хабарлады.

Украина тарабы Ресей ракеталарды Каспий теңізінен жібергенін айтады. Бүкіл Украина аумағында дабыл қағылды. Ел ішінде ракетаға қарсы жүйелер іске қосылған. Украина президенті Владимир Зеленскийдің хабарлауынша, Ресей 40-тан аса ракета атқан.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар