15 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
21.3 C
Шымкент
15 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
21.3 C
Шымкент

Гүлмира Сатыбалды бас бостандығынан айырылды

Назарбаевтың бұрынғы келіні ретінде танылған кәсіпкер Гүлмира Сатыбалды сотталды. Ол адам ұрлады және озбырлық жасады деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілер – белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева. Екі кәсіпкер бизнестері рейдерлік жолмен басып алынғанын айтты. 

Сондай-ақ, прокурор Әлмира Қожахметова Гүлмира Сатыбалды тергеу барысында елден кетіп қалуға тырысқанын мәлімдеді. 

Бұдан бұрын  Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешова өтемақы ретінде 760 млн теңгеден астам ақша сұрады. Ол Гүлмира Сатыбалдының бұйрығымен қалай ұрланғанын егжей-тегжейлі есіне түсірген болатын. 

Алайда Мекешова кейіннен талап арызын қайтарып алған. 

Ал кәсіпкер Алагөзов Гүлмира Сатыбалдыдан 6 миллиард 985 миллион теңге шығын және 5 миллиард теңге мөлшерінде моральдық шығын талап етті.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар