Екі шенеунік те бірнеше жылғы үзілістен кейін саясатқа қайта оралғанда жұрт олардан өзгеріс байқады. Бәлкім қоғам алпыстан асқан ел ағаларының  саяси көзқарасының өзгергенін күткен болуы мүмкін. Бірақ әлеуметтік желі қолданушыларына олардың көзқарасы сол қалпы, ал көз қабақтары бұрынғыға қарағанда  өзгешелеу боп көрінді. Әйел оқырмандар екі саясаткердің пластикалық операция емес, блефаропластика  процедурасын жасатуы мүмкін деп болжап отыр. Олардың бұрынғы суреттерінде қабақтары түсінкі болса, қазіргі фотоларында  тартылып тұрғаны анық байқалады дейді оқырмандар.

Блефаропластика (қабақ пластикасы) – жоғарғы және төменгі қабақтың артық терісін және жарықтарын жоюға бағытталған хирургиялық рәсім. Астанада бұл Процедураны жүз елу мың мен үш жүз ему мың теңге аралығында жасатуға болады.