Алия мен Болат Назарбаевтардың меншігінде болған екі мың гектар жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Олар Алматы облысындағы Қарасай мен Жамбыл аудандарындағы бұл жер аумағын заң бұзушылықпен өздеріне қаратқаны туралы дерек шықты.  Екі тұлға да бұған қатысты пікір білдірген жоқ. 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында атқарушы органдарға игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлерге қатысты шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

«Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлердің көлемі – шамамен 10 миллион гектар. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың аяғына дейін бұл жерлерге қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», — деген-ді сонда президент.