• «Бұрын өткен сайлаулардың бірінде Алматының орталығында орналасқан мектепке дауыс беруге бардым. Сол кезде спорт алаңында  өте ескі қырық жыл болғае балондардың тұрғанын көріп көңілім түсті. Көргенімді телефоныма түсіріп, инстаграмдағы парақшама жарияладым. Сол видео арқылы елде ешнәрсе өзгермегенін, сайлауда дауыс бергеннен нәтиже болмайтынын ымдап білдірдім. Көп күттірмей ел шулады. Әкімдіктен Мейрамбек аға Беспаев хабарласып, видеоны өшіруімді өтінді. Мен ол кісіге ешкімді жамандамағанымды, жай ғана проблеманы көтеріп отырғанымды, жасыру дұрыс емес екенін айттым. Келесі Президент сайлауында сол мектепке дауыс беруге барғанда әлгі алаңды жаңартып қойғанын көрдім».

Әнші Айқын Төлепберген «Хабар» телеарнасындағы «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбаты кезінде осылай деді.

Елдің сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев бірнеше жыл бұрын Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кеңесшісі болған. Өнер адамдары саясатқа араласқанына ешкім тиым сала алмайды. Бірақ олардың проблеманы жасыруға емес шешуге атсалысқандары пайдалы болар еді. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?