14 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
13.3 C
Шымкент
14 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
13.3 C
Шымкент

Болат Ақшолақов: Өз жұмысыма «үш» деген баға беремін

Энергетика министрі президент сынына қатысты пікір білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Энергетика министрлігінің Екібастұздағы жағдайда бейқамдық танытқанын сынады. Журналистер отырыстан кейін энергетика министрі Болат Ақшолақовтан осы мәселеге қатысты пікірін сұрады.

«Сын қабылданады. Бірақ бұл бір министрліктің мәселесі емес, өйткені желілер министрлікке қарамайды. Біз генерациялаушы қондырғыларға жауаптымыз. Сәйкесінше орын алған жағдай есепте жазылғанындай, барлығы бір уақытта болған: құрылғылар дұрыс жұмыс істемеген, бұйрықтар дұрыс берілмеген, стансалардың жұмысы бұзылған, жылу желілері тозған, жарылған және тағы да басқа мәселелер.  Бұл кешенді жұмыс, сондықтан комиссия жұмыс істеді», – деді министр.

Министр осы жағдайлардан кейін отставкаға кетуге қатысты да пікір білдірді.

«Ондай қажеттілік бар болса барамыз, ол менің шешімім емес», – деді Болат Ақшолақов.

Журналистер министрден өз жұмысын бес баллдық шкалада бағалауды сұрады.

«Өз жұмысымды бес балддық шкалада үш деп бағалаймын. Бірақ бағаны басқа тарап беруі керек», – деді министр.

ИНФОРМ БЮРО

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар