14 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
21.3 C
Шымкент
14 C
Нур-Султан
15 C
Алматы
21.3 C
Шымкент

ЕРДОҒАН ТҮРКИЯДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАЗ ХАБЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫН ХАБАРЛАДЫ

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған парламентте сөйлеген сөзінде олардың елінде халықаралық газ хабы құрылатынын мәлімдеді. Осы хаб арқылы ресейлік газ еуропаға жеткізілетінін хабарлады.

«қазір еуропа алдағы қыста өзін энергиямен қалай қамтамасыз етуді ойластыруда. аллаға шүкір, бізде ондай проблема жоқ. оның үстіне путин мырзамен соңғы кездесуімізде түркияда газ хабын құруға келістік»

деді, Ердоған.

Anadoluхабарлағандай, Түркия басшысының айтуынша Ресей Президенті Владимир Путинмен соңғы кездесуінде олар бұл мәселе бойынша ортақ пікірге келген.

«еуропаға газды түркия арқылы сатып ала алады деп путиннің өзі айтты»

деді ол.

Еске салайық, АӨШСК алтыншы саммиті аясында Ресей Президенті  Владимир Путин түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанға Түркияда газ хабын құруды ұсынған болатын.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар