16 C
Нур-Султан
24 C
Алматы
31.3 C
Шымкент
16 C
Нур-Султан
24 C
Алматы
31.3 C
Шымкент

Жарты миллионнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алуда

Статистикалық бюроның дерегінше, елімізде 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі шамамен 9 есе төмендепті. 2001-2021 жылдар кезеңін салыстырғанда елдегі кедейлік деңгейі, яғни халықтың ең төменгі күнкөріснің үлесі 46,7%-дан 5,2%-ға жеткен.

Мұндай көрсеткішке жеткізудің бірден-бір себебі, Қазақстан халқының әл-ауқатын ұдайы арттыру мақсатында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның қабылдануы. Соған сәйкес, қандай да бір объективті себептерге, яғни жасына, уақытша еңбекке жарамсыздығына, денсаулық жағдайына, жұмыстың болмауына және т.б. осыған байланысты тыныс-тіршілігінде  қиындық көріп отырған, табысы аз азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету көзделген. Соның ішінде көпбалалы аналарды қолдауды, жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы қамтуға тырысты. Тіпті, оқу орны бойынша тегін тамақтануды, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді, мектеп нысаны мен керек-жарақтарымен қамтамасыз етуді әлеуметтік топатама енгізілді.

Соның арқасында жылдан-жылға елімізде кедейліктің үлесі азаюда. Мысалы, осы жылдың 1 қазанына АӘК 129 мың отбасына немесе 668 мың адамға тағайындалды. Жалпы алғанда АӘК алушылардың 22 пайызы шартсыз ақшалай көмек, 78 пайызы шартты ақшалай көмек алды. Негізі шартты ақшалай көмек алатын еңбекке қабілетті АӘК алушылар қатарынан жұмыспен қамтылғандар және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандар саны 70 пайызға жеткен.

Бүгінде 343 мыңдай бала әлеуметтік топтама алса, оның ішінде азық-түлік пакетін 1 жастан 6 жасқа дейінгі 178,4 мың бала алып отыр. «Жаппай оқыту» қоры шеңберінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі 164,6 мың бала көмек алды. Жалпы республика бойынша 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша

43 млрд теңге төленді.

Еңбекке ынталандыруға және табысы төмен отбасылардың өмірлік қиын жағдайды еңсеруіне бағытталған енгізілген шаралар АӘК алушылар санын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге төмендеген.

Сонымен қатар, бұдан былай әлеуметтік осал топтағы 18 жасқа толған балалар да қоғамдық көлікпен тегін жүруі мүмкін. Енді олардың да көлік картасы мемлекет есебінен толтырылады. Астанада автобустарда тегін жол жүруге құқығы бар тұрғындар тізімі өзгерді. Мәслихат шешімінің жобасына сәйкес, бұл тек жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын білім мекемелерінің күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге қатысты. Жеңілдікті ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар балалар мен табысы бір адамға шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасы балалары алады. Бұған дейін тек кәмелет жасқа толмаған балалар ғана қоғамдық көлікпен тегін жүрді.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар