12 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
14.3 C
Шымкент
12 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
14.3 C
Шымкент

Ресейдегі жағдайдан кейін Лукашенко отбасы Түркияға эвакуацияланды

Маусымның 23-нен 24-не қараған түнгі он екіде Минск әуежайынан  Лукашенко отбасына тиесілі  Bombardier Challenger 850 ұшағы шұғыл Түркияға қарай бет алғаны белгілі болды. Ұшақ таңғы бесте Бодрумға қонған. Беларусьтік БАҚ бір күн бұрын Лукашенконың Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Беларусь президенті Ресейде әскери бүлік басталып жатқанын біліп, қауіпсіздік үшін отбасын Түркияға жеткізді дегеп болжам айтылып жатыр.  

Бүгін Президент Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдегі жағдайды талқылағаны белгілі болды. 

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі  – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі. 

Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты”, – деп жазды Ақорданың ресми сайты.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар