Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тайвань бойынша ресми мәлімдеме таратты, – деп жазады inform.kz.
«Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және БҰҰ Жарғысын сақтауды, атап айтқанда, осы мәселеде БҰҰ Бас ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сондай-ақ ол шет елдердің ресми делегацияларының Тайваньға сапарлары ҚХР Үкіметімен келісілуі тиіс деп санайды.