Ертең сағат 11:00-де Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі, сол уақытта сиреналар қосылады.
Мегаполис әкімдігі жаттығуға дайындық алдын ала жүргізілгенін хабарлап, тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды.
Сейсмикалық жаттығу күні сағат 11:00-де қалалық хабарландыру жүйесі іске қосылады: сиреналық-дыбыстық құрылғылар, телерадио арналарды тоқтату, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар таратылады.
«Баршаңыздың назарыңызға!» деген дыбыстық белгі — бұл төтенше жағдай туындаған немесе оның қаупі төнген кезде халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық белгіні естігенде, дереу теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы жағдайға байланысты әрі қарайғы іс-әрекет жөніндегі нұсқаулықтарды оқыңыз.
Сейсмикалық жаттығуға дейін «тревожный чемоданшықты» дайындап, қауіпсіз орынға апаратын ең қысқа маршрутты анықтап алыңыз. Еске салайық, қауіпсіз орын — бұл электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң.
Алматы қаласында халықты қабылдайтын 384 пункт орналастырылады.