9 C
Нур-Султан
12 C
Алматы
13.3 C
Шымкент
9 C
Нур-Султан
12 C
Алматы
13.3 C
Шымкент

Медициналық мекемелер қызмет бағасын негізсіз қымбаттатқан

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында ақылы медициналық қызметтердің құны негізсіз қымбаттатылғаны анықталды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

№073/е анықтамасы (көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін) және №075/е анықтамасы (медициналық кәсіби-консультациялық қорытынды) 7 705 теңге, ал №076/е анықтамасы (қару ұстауға рұқсат алу үшін) 9 405 теңге болған.

Қызмет бағасына хирург, невропатолог қарауы және Вассерман реакциясына қан талдауы сияқты қосымша медициналық қызметтердің негізсіз енгізілгені анықталған.

Сонымен қатар, аурухананың қажетті диагностикалық жабдықпен толық қамтылмауынан науқастар облыстық медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр.

«Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықтамалар құны №073/е – 6 000 теңгеге, №075/е – 5 000 теңгеге, №076/е – 9 000 теңгеге төмендетілді. Сондай-ақ, жетіспейтін жабдықтарды сатып алу мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім жолданған», — делінген хабарламада.

Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар