Украина АҚШ-тың 30 күндік оқ атуды тоқтату туралы ұсынысын қабылдауға дайын. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак мәлімдеді. Оқ атуды тоқтату Украина мен Ресейдің өзара келісімі арқылы ұзартылуы мүмкін. Вашингтон Киевке көмек көрсетуді қайта бастайды және гуманитарлық процестерге, оның ішінде тұтқындарды алмастыру мен Украинадан заңсыз әкетілген балаларды қайтаруға басымдық береді.
«Екі делегация өздерінің келіссөз топтарының құрамын анықтап, Украина қауіпсіздігін ұзақ мерзімді қамтамасыз ететін тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін дереу келіссөздер бастауға келісті», – деп жазды Ермак.
Украинаның «Суспільне» телеарнасының мәліметінше, негізгі тақырыптар:
▪️ Теңізде және әуе кеңістігінде оқ атуды тоқтату.
▪️ Пайдалы қазбаларға қатысты келісімдер.
Киевтің басты мақсаты — АҚШ-пен шиеленіскен қарым-қатынастарды қалпына келтіру, америкалық қару-жарақ жеткізілімдерін және барлау мәліметтерімен алмасуды қайта бастау. Кездесуге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц қатысты. Олар бұған дейін Ресеймен тікелей келіссөздер жүргізген.
Уолцтың айтуынша, ол алдағы күндері Ресей өкілімен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.