-11 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент
-11 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент

«Мағаджан» бөгетінің жарылуына кінәлі тұлға сотталды

Хромтау ауданының прокуратурасы «Мағаджан» плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания болып табылатын ЖШС директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шара қабылдамаған.

2024 жылғы 4 сәуірде бөгеттің жарылуы нәтижесінде Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдары су астында қалып, азаматтардың мүлкі мен инфрақұрылымға зиян келтірілді.

Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-тің 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге 3 жылға тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар