Жаңаөзенде интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды.
2025 жылдың, 26 қаңтар күні шамамен 14:50-де Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Жаңаөзен қаласының, Шаңырақ ықшамауданында жылдам әрекет ету бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын өткізді.
Нәтижесінде 2004 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің, 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді.
Тергеу барысында күдікті өзінің танысына интимдік фото және видеоматериалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 600 мың теңге бопсалағаны анықталды.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың мән-жайы тергеу әрекеттері барысында анықталуда.
Тінту кезінде күдіктіден қылмыс жасалғанын растайтын айғақ заттар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 мың теңге тәркіленді.