-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Башқұртстандағы наразылық ісі бойынша алғаш рет әйелге үкім шығарылды

29 жастағы «Баймақ ісінің» фигуранты Минзия Әдіғамова төрт жылға бас бостандығынан айырылды. 27 қаңтарда Самар қаласының Өнеркәсіптік аудандық соты оны жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және билік өкіліне күш қолдану бойынша кінәлі деп тапты. Бұл – Башқұртстандағы наразылық ісі бойынша сотталған алғашқы әйел.

Алайда, Әдіғамованың балалары 14 жасқа толмағандықтан, сот жазаны кейінге шегерді. Қазір ол қолхатпен босатылған және елден кетуге тыйым салынған.

Бұдан бір күн бұрын Баймақ аудандық соты Әдіғамоваға 60 сағаттық мәжбүрлі еңбек жазасын тағайындады. Ол жергілікті белсенді Фаил Алсыновтың сот үкімі оқылған кезде полицияға бағынбады деп айыпталған.

Алсынов алтын өндіруші компанияларға геологиялық барлау лицензиясын беруге қарсы шыққан. Оның үкімі жарияланған күні бірнеше мың жақтасы сот ғимаратына жиналып, полициямен қақтығыстар орын алған. Осы оқиғалардан кейін шамамен 80 наразылық білдірушіге жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және билік өкіліне күш қолдану бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар