Сириялық al-Watan газеті, өз кезегінде, кеден басқармасының директоры Рияд Джудиге сілтеме жасай отырып, Сирия үкіметі мен Ресейдің «Стройтрансгаз» компаниясы арасындағы Тартус портын басқару туралы келісімнің күшін жойғанын хабарлады. Келісімнің тоқтатылу күні жарияланбады.
Бұл инвестициялық келісім 2019 жылы 49 жылға жасалған болатын. Оның шарттарына сәйкес, Мәскеу портты басқару құқығын алды және оның жаңғыртуына 500 миллион доллардан астам қаржы салуға міндетті еді.
Ресей портты әскери мақсаттарда Совет кезеңінен бері пайдалануда. Қазіргі таңда Тартусте Ресей Әскери-теңіз күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету пункті орналасқан — бұл Жерорта теңізіндегі Ресейдің жалғыз әскери-теңіз нысаны.
2024 жылдың аяғында, Башар Асад биліктен құлатылғаннан бірнеше күн бұрын, ресейлік кемелер Тартустан кетті. Кейін Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Ресей биліктің өзгеруіне қарамастан, Сириядағы базаларын сақтауды қалайтынын мәлімдеген.