-22 C
Нур-Султан
-8.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент
-22 C
Нур-Султан
-8.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент

Ресей Қазақстанмен шекарадағы екі өткізу пунктін жабады

Ресей Қазақстанмен шекарадағы екі өткізу пункті уақытша жабады. Бұл туралы Ресейдің Шекаралық құрылыс басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Орынбор облысындағы Қазақстанмен шекарада орналасқан Орск және Маштаково автомобиль өткізу пункттері арқылы көлік құралдары мен жүктердің өтуі уақытша тоқтатылады. Бұл көршілес Әлімбет және Сырым өткізу пункттерінің жоспарлы жөндеуге жабылуына байланысты», – делінген хабарламада.

Қайта құру жұмыстары 16 айға дейін созылуы мүмкін екені айтылған.

«Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекарадан өтуіңізді жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеруді немесе мына балама бағыттар арқылы өтуді ұсынамыз: Светлый (тек Ресей мен Қазақстан азаматтары үшін), Теплое (тек Ресей мен Қазақстан азаматтары үшін), Илек және Сагарчин», – деп толықтырылған хабарламада.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар