21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
21 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

Бағдат Сәмединова

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке әрбір тұлға бір мерзімге және оның жеті жылға сайлана алатынын атап өтті. Бұрынғыдай бес жыл емес, жеті жыл. Онда да президентті бір мерзімге сайлайтынымыз дұрыс шешім болды. Меніңше, Президенттің бұл бастамасы – батыл қадам. Өйткені осы кезеңде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің саяси реформаларын енгізіп, жаңа бастамаларын жүзеге асыра алады. Соның арқасында елімізде тұрақтылық пен тыныштық орнап, халықтың әлеуеті жақсара түседі деп сенемін. Себебі, Қасым-Жомарт Тоқаев – халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, әлемде зор бедел жинаған жан.
Екіншіден, бүгінде дүниежүзіндегі саяси ахуал күннен-күнге күрделеніп бара жатыр. Мысалы, Ресей мен Украина, Әзербайжан мен Армения, Қырғыз республикасы мен Тәжікстанның арасындағы кикілжің қантөгіс пен адам өліміне әкелді. Сырттағы саяси ахуалды көрген соң, елде тыныштық, бейбітшіліктің болғанын қалаймыз. Қаңтар оқиғасының өзі бізге үлкен сабақ болды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бейбітшілік пен тұрақтылықтан асқан ұғым жоқ. Осы бейбіт қалпымызды сақтай білейік. Балалар жыламасын, аналар жоқтамасын!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке әрбір тұлға бір мерзімге және оның жеті жылға сайлана алатынын атап өтті. Бұрынғыдай бес жыл емес, жеті жыл. Онда да президентті бір мерзімге сайлайтынымыз дұрыс шешім болды. Меніңше, Президенттің бұл бастамасы – батыл қадам. Өйткені осы кезеңде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің саяси реформаларын енгізіп, жаңа бастамаларын жүзеге асыра алады. Соның арқасында елімізде тұрақтылық пен тыныштық орнап, халықтың әлеуеті жақсара түседі деп сенемін. Себебі, Қасым-Жомарт Тоқаев – халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, әлемде зор бедел жинаған жан.
Екіншіден, бүгінде дүниежүзіндегі саяси ахуал күннен-күнге күрделеніп бара жатыр. Мысалы, Ресей мен Украина, Әзербайжан мен Армения, Қырғыз республикасы мен Тәжікстанның арасындағы кикілжің қантөгіс пен адам өліміне әкелді. Сырттағы саяси ахуалды көрген соң, елде тыныштық, бейбітшіліктің болғанын қалаймыз. Қаңтар оқиғасының өзі бізге үлкен сабақ болды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бейбітшілік пен тұрақтылықтан асқан ұғым жоқ. Осы бейбіт қалпымызды сақтай білейік. Балалар жыламасын, аналар жоқтамасын!»

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар