Директорға сөгіс әкелген форма

Жетісу облысының білім басқармасы ата-аналардың бірінің шағымына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қыз Кербұлақ ауданы, Нұрым ауылында оқитыны белгілі болды. Бастапқыда ол әкімдік тарапынан әлеуметтік көмек алушылар тізімінде болмаған. Кейін анасының өтініші бойынша оқушы қызға оқу құралдары табысталған екен.

Қыздың мектеп формасы ауыстырылды. Ал керек-жарақтарды беру кезінде қателік жіберген мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды, — деді Білім басқармасы өкілдері.

Ал кішкентай қыздың анасы шағымына бірден жауап берген шенеуніктерге алғысын білдірді.
Еске салайық, әлеуметтік желіде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы тұрғындарының бірінің видео үндеуі пайда болды. Ол кішкентай қызына жергілікті әкімдіктен берілген формаға шағымданды.