Тоқаев биылдыққа екінші рет Жолдау жасайды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдау жасайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады — деді Ақорданың баспасөз қызметі Жолдау жайлы хабарламада.